Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ата Заңның құрдастары биыл – 27 жаста

AstanaTV
31.08.2022ж. 20:00
1756
Ата Заңның құрдастары биыл – 27 жаста

Ата Заңның құрдастары биыл – 27 жаста. Дүние есігін 1995 жылы ашқандар бүгінде тұлға ретінде қалыптасқан, жауапты қызметтердің тұтқасын ұстауға жарайтын толыққанды маманға айналған. Алуан мамандықты игеріп, елдің қарыштап дамуына үлес қосып жүргендері де аз емес. Білім, медицина, кәсіпкерлік, спорт саласында толағай табысқа жеткен бесаспап мамандар туралы келесі сюжетте.

Конституцияның құрдасы Ақерке Еркінова Атыраудағы іргелі ІТ мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі. Тұрақтылық пен татулықтың ұстанған еліміздің бас құжатында педагог мәртебесінің ерекше орын алуы ұстаздардың мамандығына деген мақтанышын биіктетті, - дейді ол.

Ақерке ЕРКІНОВА, ІТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Мақтаныштан бөлек бойыма сенімділік береді. Сенімділік ол барлығы турасында, нық, әділетті түрде жүзеге асады деген сеніммен жүреміз. Және оған сүйене алатынымызға кепілдік береді бізге.

Ал, Ақтөбелік Фархад Сағынбай Хромтауда Дөн тау кең комбинатында жұмыс жасай жүріп, жиырма шақты жастың басын біріктірген «Қаһарман» қоғамдық бірлестігін құрған. Ерікті жастармен бірге олар жалғыз басты қарттарды, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарды өз қамқорлығына алған. Жастар рухының белсендісі.

Фархад САҒЫНБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР РУХЫ» ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сол бойынша біздер Хромтау ауданында белсене атқарып келеміз. Қарт ата-әжелердің қарларын тазартып және бос уақытты тиімді пайдалану үшін Ұлы отан соғысы ардагерлері бар бізде сол кісіге барып, үнемі туған күндерімен құттықтап, жастармен сөйлесіп жұмыстар атқарамыз.

Қызылжардағы Жастар Рухы Жастар қанатының жетекшісі Біржан Құдайбергенов 2020 жылы жастар қозғалысын басқаруға лайықты деп танылған. Қазір аталған ұйым қаланың 30 жасқа дейінгі тұрғындарын жан-жақты қолдап келеді. “Жастар Рухы” бүгінде спорт, тілдерді дамыту, жұмыспен қамту сынды 10 жобаны жүзеге асырып келеді. Ал жуырда ауыл жастары бағытында жұмыс істей бастаған.

Біржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жаңа жобалардың ең өзектісінің бірі - Өрлеу жобасы бар. Ауыл жастарына арналған жоба. Бұл жобаның арқасында жастар өзіне керекті, лайықты мамандықты игеріп, алып кету үшін.

Шыңғыс Қаратай – Елордадағы Еуразия Ұлттық Университетінде жұмыс істейді. 2018 жылы еңбек жолын бастаған маман - қазір жас ұрпақтың тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаз. Ол «конституцияның құрдасы болғаныма мақтанамын» - дейді.

Шыңғыс ҚАРАТАЙ, ЕҰУ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ ДЕКАНЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ел үшін ерекше құжаттардың бірі менің туған жылыммен сәйкес келгеніне мен өте қатты қуанышты болдым. Енді қазіргі таңда мен тарих факультетінде тарихшы болып қызмет атқарғаннан кейін мұндай тарихи сәттер біз үшін алатын орны ерекше.

Конституцияның түйдей құрдастары қоғам алдында жауапкерлік екі есе деп түсінеді. Олар тәуелсіздік тірегі - Ата Заңның аясында алаңсыз білім алып, еңбек етуге әр азамат мүмкіндік алып отырғанын мақтанышпен жеткізді.

А. Задабек