Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апаты: 18 адам зардап шекті

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
1446
Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апаты: 18 адам зардап шекті

Қарағандыда екі автобус соғысты. Бір автобустың жүргізушісі сол жерде қаза тапты, 4 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі көз жұмған. Қоғамдық көліктер қаладағы аспалы көпірде соқтығысқан. Жол көлік оқиғасынан 18 адам түрлі жарақат алған. Оқиғаға көктайғақ себеп болды ма, әлде жол ережесі бұзылды ма оны полиция анықтап жатыр.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ал 146-ыншы автобустан 15 адам соның ішінде жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел тергеу тобы және ТЖ департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән- жайы анықталуда.

Дәрігерлердің хабарлауынша, зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетілген. 4 науқастың өміріне қауіп төніп тұр.

Берік ТӨЛЕУБАЕВ, Х. МАҚАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПБЕЙІНДІ ЕМХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Екеуі юго- востоктағы Муканова 7 ауруханаға жеткізілді.Ең ауыр екеуі осында қалдырылды. Оларға шокқа қарсы ем- шаралар қолданылып жатыр. Олар қазір операционныйда. Өмірлеріне қауіп болғандықтан қазір оталау жасалып отыр.

А. Қуаш