Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырау облысы Құрманғазы ауданында мұнай қалдықтары төгіліп жатыр

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
2175
Атырау облысы Құрманғазы ауданында мұнай қалдықтары төгіліп жатыр

Атырау облысы Құрманғазы ауданында мұнай қалдықтары төгіліп жатыр. Аудан тұрғындары әлеуметтік желіге видео жариялап, құзырлы органдардың назар аударуын сұрайды.

Бұл - Құрманғазы ауданындағы Ыдырыс елдімекені. Тұрғындар дабыл қаққан соң арнайы мамандар көрсетілген жерге барды. Нәтижесінде жалпы ауданы 50 шаршы метр жерде мұнайға ұқсас қара сұйықтықтың төгіліп жатқанын анықтаған. Әкімдіктің мәліметінше, аумақта «Смарт Ойл» компаниясы биылғы тамыз айыннан бері барлау-бұрғылау жұмысын жүргізіп жатыр. Қазір экологтар да мұнай қалдықтарының топыраққа қаншалықты зияны барын анықтау үшін, сынама алды.

Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сынамалар жұмысы біткеннен кейін ары қарай қай мекемеге қатысты екені соны анықтап, сосын арнайы шара қолданамыз. Экология Кодексіне сәйкес мұны міндетті түрде тазалау жұмыстарына рекультмвация жасау жұмыстарына міндеттейміз , одан басқа жауапкершілікке тартылады.

Б. Надірқызы