Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қостанайда үш көпқабатты үйдің құрылысы 3 жылдан бері бітер емес

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
2292
Қостанайда үш көпқабатты үйдің құрылысы 3 жылдан бері бітер емес

Қостанайда үш көпқабатты үйдің құрылысы 3 жылдан бері бітер емес. Ал салымшылар пәтер жалдап, әр жерді паналап жүр. Әкімдіктегілер де, мердігерлер де жұмыс әні бітеді, міне бітеді деп уәдені үйіп-төгетін көрінеді. Мәселе неде? Жауаптылардың соңғы жауабы қандай? Заңғар Санай айтады.

Шаһар шетіндегі әуежай шағын ауданында соңғы жылдары көпқабатты көп үй бой көтерді.Бірақ мына үш үйдің құрылысы тұралап тұр. Іргетасы 2019 жылы қаланған панельді нысанның қашан салынып бітетіні белгісіз.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Аумақта қазір күзетшілерден басқа ешкім жжоқ. Құрылыс екі ай бұрын толық тоқтаған көрінеді.Күзетшілердің айтқанына сенсек жуық арада бұл маңда жұмыс жанданбайды.

Көпқабатты үй салуды «РСО Сәулет» ЖШС бастаған. Бірақ пандемия тұсында банкротқа ұшыраған компания жұмысты аяқсыз қалдырады. Әкімдік қайтадан тендер өткізіп, межелі жұмысты «Нұркапстройгаз» серіктестігіне жүктепті. Мердігердің құжаттары түгел болмағандықтан құрылыс тағы қаңтарылып тұр.

Руслан ҚАТПАЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сметалық –жобалық құжаттардың кемшін тұстары бар болып шықты.Соған байланысты құрылыс мерзімі созылып кетті. Енді аудит шарларын өткізілгеннен кейін жобаға түзету енгізіледі. Аудитордың қортындысы қолға тиген соң мердігермен қосымша келісім-шарт жасалып, құрылыс қайта жанданады.

Тоғыз қабатты үйдің салымшылары сенделіп жүр. Құны қолжетімді болған соң конкурсқа қатысып едік ,- дейді олар.

Әсем НҰҒЫМАНОВА, САЛЫМШЫ:

Бізге негізі қаңтар-ақпанда көшесіздер деп уәде берді. Ал сол уәде сөздерінде тұрмады деуге болады. Енді 2023 жылдың екінші жартысында деп жатыр.Білмеймін енді қаншалықты оған сенуге болатынын.

Виктор МУЛЯТ, САЛЫМШЫ:

Қаражат болса, құрылыс жүреді. Мердігердің ақшасы жоқ секілді. Қазір пәтер бағасы шарықтап кетті ғой.Сондықтан біздің үмітіміз тек осы үйлерде ғана. Басқа амал жоқ.

Қала билігі қаңтарылған құрылыстың нақты қашан салынып бітетінін дөп басып айтпады. Ал мердігер аудиторлық тексеріс оң нәтиже шығарса ғана жұмыс жалғасады дейді. Салымшылармен қатар, құрылыс алаңындағы күзетшілер де бірнеше айдан бері айлықсыз жүр.

Қазір кезекте тұрғандар үшін 9 мың кредиттік тұрғын үй салынуда. Алдағы уақытта 6 мың азаматты 2%-дық мөлшерлеме бойынша, 7 мың адамды 5% мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамту жоспарланған.

З. Санай