Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Облыс әкімдері тағайындалды

AstanaTV
01.12.2022ж. 20:00
2140
Облыс әкімдері тағайындалды

Екібастұздағы жағдайдан соң Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылды. Әзірге Кереку өңірін осыған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Олег Крук уақытша басқарады. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен тағы бірқатар облыстың әкімі ауысты. Қостанай облысының әкімі боп Құмар Ақсақалов тағайындалды. Ал Солтүстік Қазақстан облысына Айдарбек Сапаров барды.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қызметіне қайта тағайындалды. Лауазымын сақтап қалғандардың қатарында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бар. Мемлекет басшысы сондай-ақ, Екібастұздағы жағдайдан соң өңірлердің жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құру туралы тапсырма берді. Президент жауаптыларға он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен келу қажеттігін ескертті. Оған жетекшілік етуді Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовке жүктеді.

Ә. Дүкембаева