Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылорда облысының әкімі қайта тағайындалды

AstanaTV
01.12.2022ж. 20:00
1913
Қызылорда облысының әкімі қайта тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімін қайта тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Нұрлыбек Нәлібаев аймаққа биыл сәуір айында облыс әкімі боп тағайындалған.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қызылордаға арнайы сапармен келді. Ол актив жиынында облыс әкімдері Конституциялық өзгерістерге сәйкес, енді жаңа талаппен тағайындалатындығын жеткізді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Конституцияға бірқатар өзгертулер енгізілді. Енгізілген түзетулердің ішінде өңір әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту мәселесі де бар. Енді облыс әкімінің лауазымына баламалы түрде. Кемінде 2 кандидат ұсынылады. Бүгін Қызылорда облысындағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың заңдылықтарында жаңа талап бойынша облыс әкімін тағайындауға келісімін берді.

135 депутат өз таңдауын жасады. 81,5 процент дауыспен Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл сенімді ақтауға аянып қалмаймын деді ол.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сырт өңірі жұртшылығы мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіріп, мызғымас бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетіп келеді. Әрі қарай да осы дәстүрлі жолымызды жалғап, ел дамуы жолында аянбай қызмет ететін боламыз.

Нұрбылек Нәлібаев есімі Сыр жұртшылығы үшін жақсы таныс. Туған топырағында түлеп, аудан, одан кейін қала басқарған ол былтыр аймақ басшысы болып тағайындалды. Ол аз уақыт ішінде елдегі бірқатар түйткілдің түйінін тарқата білді.

М. Тоқтасынқызы