Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Биыл туған нәрестелердің 8% шетінеген

AstanaTV
02.12.2022ж. 20:00
1447
Биыл туған нәрестелердің 8% шетінеген

Елімізде ана мен бала өлімі азаймай тұр. Дүниеге келген нәресте саны былтырғы көрсеткіштен төмен болғанымен, өлім-жітім дерегі көп. Денсаулық сақтау министрлігі бұған баладағы туа біткен ақаулар себеп дейді. Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, елімізде биылғы 9 айда 300 мыңға жуық бала өмірге келген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда аз. Бірақ өлім-жітім керісінше көбейген. Оған себеп балалардағы туа біткен ақаулар, дейді денсаулық сақтау министрі.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Ана мен бала денсаулығы ерекше назарда. Биыл балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп тобындағы балаларды зерттеп қарау, оларға консультация беру үшін перинаталдық скринингтер жүргізіп жатыр. Бұл мәселелердің барлығы көп балалардың нәресте өлімінің себебі осы туа біткен әртүрлі ақаулар болып отыр.

Ана мен бала өлімінің жоғары көбеюіне сенаторлар да алаңдаушылық білдіріп отыр. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, болашақ ананың денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында болу керек.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жүктіліктің 10-шы аптасынан кейін ғана әйел мемлекет тарапынан жеңілдік санатындағы азаматтарының қатарына қосылып, сақтандырылған мәртебеге ие болады. Алайда осы уақытта болашақ ананың бақылауы мен емделуі үшін маңызды уақыт жоғалады. +Шыны керек, әр әйел, яғни болашақ ананың өз қаражатынан емделуге мүмкіндігі бар деп айтуға келмейді.

Егер баланың денсаулығына медицина қызметкерінің тарапынан залал келтірілген жағдайда оның ата-анасы немесе заңды өкілі министрліктің көмегіне жүгіне алады.

А. Базарбай