Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда әйел көршісінің үстіне қайнаған су шашып жіберген

AstanaTV
02.12.2022ж. 20:00
1960
Алматыда әйел көршісінің үстіне қайнаған су шашып жіберген

Алматы жатақханалардың бірінде әйел тұрмыстық жанжал кезінде көршісіне қайнаған су шашып жіберіп, күйдірген. Әлеуметтік желіде оның видеосы тарады. Әйелдер жатақханадағы пешті бөлісе алмаған көрінеді. Екеуара келісе алмаушылықтың кесірінен олардың біреуі ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша жәбірленушінің жағдайы -орташа ауыр.

Елдос ӘЛМЕНОВ, №4 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА КҮЙІК БӨЛІМШЕСІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Тексерістен кейін күйік бөлімшесіне жатқызылады. Диагнозы “денесінің 14% термиялық күйікпен шалдыққан”. Кеудесі, оң аяғы, сол қолы- бірінші-екінші дәрежелі күйік.

Бұл іс Жетісу ауданының Полиция басқармасына тіркелген. Сот-медиицналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады дейді полиция басқармасындағылар.