Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде іскер әйелдердің форумы өтті

AstanaTV
02.12.2022ж. 20:00
1830
Ақтөбеде іскер әйелдердің форумы өтті

Ақтөбеде іскер әйелдердің форумы өтті. «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі»атты шараға 200-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Форумның мақсаты - «AMANAT» партиясы жанынан әйелдер қанатын құру, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру. Ауыл әйелдерін кәсіппен айналысуға шақыру.«Бір ауыл бір өнім» бағдарламасы арқылы қыз-келіншектердің бірігіп іс бастауына жағдай жасау. «Ауыл аманаты» жобасымен мұндай бастамаларға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие де қарастырылған.

Жұлдыз ҚОЖАБЕКОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«AMANAT» партиясы жанынан әйелдер қанатының құрылуы бұл өте жақсы бастама деп ойлаймын. Себебі әйелдердің қазіргі әлеуметтік- демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі рөлі өте жоғары. Бұрын қазақ қоғамында әйел тек отбасының ұйытқысы болса, бала тәрбиесімен айналысса, қазір әйелдер жан-жақты кәсіпкерлікпенде айналыса алады. Саясатқа да келе алады.

Б. Рахметова