Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Семей полигонына қатысты құпия құжаттар жария болды

AstanaTV
26.08.2016ж. 20:00
4052
Семей полигонына қатысты құпия құжаттар жария болды

Семей полигонына қатысты құпия құжаттар жария болды. Бүгінге дейін мұрағатта сақталған құжаттармен енді кез келген азамат танысып көре алады. Қазақстанда ядролық сынақтардың тоқтатылғанына 25 жыл толуына орай бірқатарының "құпия" деген таңбасы алынды.

1949 жылдан бастап Семей өңірінде 460-тан астам ядролық сынақ жасалған. 63 жылға дейін жер бетінде кейін жер асты сынақтарына көшкен. Ал 1991 жылы тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Көпке жария болған құжаттардың ішінде ядролық сынақтардың "сәтті" өтіп жатқаны жөнінде Берияның Сталинге жазған хаттары да бар. Сондай-ақ 50-60-шы жылдары жұмыс істеген дәрігерлік комиссияның шешімі де жарияланбақ.

Қайрат Әлімғазинов, ҚР Президенті мұрағаты директорының орынбасары:

Жергілікті халыққа тигізген зардабын, излучениенің белгіленген нормадан 10 есе, 20 есе, 34 есеге асқаны туралы комиссияның құжатында сақталған.