Ауа райы -
×
Негізгі / Жобалар / Латын әліпбиі
Латын әліпбиі
Ток-шоу

Латын әліпбиі

Әліпби ауыстыру – ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысына сай ету, қолданыс аясын арттырып, осы заманғы ғылыми-техникалық прогреске икемді ету. Жан-жақты ойланып жасалған осындай мүлтіксіз әліпби ғана қазақ тілін дамытып, қолданыс аясын кеңейтеді. 

Латын графикасы қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының кілті екені анық. Тұңғыш Президент  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басты қағидат - Латын әліпбиіне көшу - тіліміздің, тұтастай алғанда еліміздің жарқын болашағының кепілі екені анық. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу – адамзаттық өркениетке жол ашатын құтты қадам. Бұл бір, екіншіден, Күлтегін бабамыздың ұрпағы ретінде түркі тектес елдердің рухани коммуникациясын нығайтатын фактор болатыны анық. Бағдарламада осы және басқа да құндылықтар талқыланып, сюжеттерге арқау болады. Шолуда Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздерінен цитаталар беріледі.


  • Соңғы шығарылым
  • Латын әліпбиі (06.12.2020)