Ауа райы -
×
Бұйымтай
Отандық телехикая

Бұйымтай

Басты кейіпкер - 22 жасар Тимур. Жануарларды досымыз деп есептейтін жас жігіт мал етін жейтіндерді қатігездер қатарына жатқызады. Өзі биолог болғанымен, ветеринарлықтан үнемі ғылыми жобалар жасап жүреді. Сондай жобаларының бірі сәтті шығып, Англияға оқуға шақырту алады. Тимурдың бала күнгі арманы шет елде білім алу болғандықтан жобасының өткеніне қатты қуанады, тек бір нәрсені есінен шығарып алады. Мемлекеттік грантпен 4 жыл оқыған ол ауылда өтеуі тиіс тәжірибесі бар екенін Лондонға кетер күні біледі. Сөйтіп Тимур амалсыздан алыс шалғайда орналасқан «Топайкөк» ауылына барады. Қалада оқып келген білімді жігіт ауылда қалай өмір сүрер екен?

  • Соңғы шығарылым
  • Бұйымтай. 9 бөлім (23.10.2020)