Ауа райы -
×
Қызым
Түрік телехикаясы

Қызым

Ойкү - сыныптастарының жанында ерекше қабілетпен көзге түсетін, үнемі қатарластарынан көш ілгері жүретін қыз. Ата-анасының махаббатын көріп өсіп келе жатқан оның арманы да асқақ. 

Бірақ бақытты отбасының ойрандалуы бір сәтте екен. Опасыздық жасаған әкесі үйден кетеді, тіпті кейін түрмеге түседі. Анасы да қызының жанында болмайды. Ойкү жападан жалғыз қалады. 

Көп ұзамай түрмедегі әкесіне жақсы бір ұсыныс келіп түседі, ол - қызы Ойкүні өз қарамағына алу. Бұл үшін берілетін сый - бостандық.

Әкесі бұл ұсынысты қабыл ала ма? Ойкүге бас-көз бола ала ма? Оқиға әрі қарай қалай жалғасады? "Қызым" телехикаясынан бірге көрейік!