Ауа райы -
Арна келбеті
Амина Жұмамұрат

Амина Жұмамұрат

1998 жылы Шымкент қаласында журналистер отбасында дүниеге келдім.  

Музыкалық мектепте скрипка және хореография сыныптарында білім алдым. Кәсіп таңдауға келгенде, өзімді бір ғана саламен шектегім келген жоқ. Осылайша Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің, "Театр, кино және теледидар" факультетіне түстім. Студенттік шағымды, өзімді жан-жақты шыңдауға мүмкіндік берген өнер ордамды әлі де сағынамын. Қызығы толы төрт жылдан кейін "Драма театры және кино әртісі" мамандығы бойынша қызыл диплом иегері атандым. 

2010 жылдан бері Y-PEER халықаралық еріктілер желісінің тренерімін. Біздің мақсатымыз - жастарға репродуктивті денсаулық, гендер, құқық сұрақтары бойынша қажетті әрі тексерілген ақпаратты жеткізу.  

Қазақта әдетте ер бала ата ісін жалғастырушы болып саналады: ер жігіт болмасам да, бойымда журналист ата-анам мен қалам шебері атамның қаны бар. Сол кісілердің ісі мен есімін жалғастыру үшін мен журналистикаға бет бұрдым.