Ауа райы -
×
Арна келбеті
Лаура Қуанышқызы

Лаура Қуанышқызы

Лаура Қуанышқызы 1991 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласында дүниеге келдім. Үш мамандық бойынша білім алып, 3 рет Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен түлеп ұштым. Балалық шағымнан журналист, экранның бет-бейнесі болуды армандағаныммен, экология , химия салалары бойынша да диплом алдым. Әрине, армандай білген оған жетуді де біледі. Бұл мамандықтардан өзге журналистика саласы бойынша да жоғары оқу орнын тәмамдадым. Бірақ, сүйікті саламызда 10-жылға жуық қызмет етіп келемін. Халық пен билік арасындағы көпір болу, асыл міндетімізді абыроймен арқалау мен үшін мақтаныш. Себебі, біз үшін халықтың сенімінен асқан бақыт жоқ. Мектепті де, жоғары оқу орындағы 3 дипломымды да үздік аяқтап, үлкен өмірге жолдама алдым. Журналистиканың қайнап жатқан үлкен қазанында өмірлік сабақ алып, түрлі елдерде іссапармен жүрдім. Бір бақытым – мамандығым. Жұмыстан тыс уақытта тілдерді үйрену, кітап оқу, спортпен айналысуға жіті мән беремін.