Бішкектің аумағы үш есе ұлғаяды

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2023
  • 1084

Бішкек аумағы үш есеге жуық артады. Бұл туралы Бішкек қалалық кенеш сессиясында астана мэрі Айбек Джунушалиев мәлім етті. 

«Кейінгі ұсыныс бойынша астана аумағы 12 900-ден 37,8 мың гектарға дейін кеңейеді», - деді ол.

Қала басшысының сөзінше, сегіз айыл окмот пен төрт ауылдық басқарманың кейбір ауылдары Бішкек қаласына қосылады.

Ол жақында президент жарлыққа қол қоятынын атап өтті.