Қара қағаз төселген еден, қамыс аралас шатыр, тесігі мен жамауы көп лашық. Біреудің құлайын деп тұрған лашығын паналаған Гүлсара апа мейірімді жандар берген ыдыс-аяқ, көрпе-төсенішті пайдаланып, жоқтан бар жасап отыр. 13 жастағы немересіне қайғы-мұңын көрсетпеуге тырысады.
Қызылорда қаласының маңайында тұратын отбасының айдалада өмір сүріп жатқандай күй кешкеніне бес жылдың жүзі болған. Оқу озаты Бекарыс мектебіне дейін жаяу жүріп, 1 сағатта әзер жетеді.
Гүлсара Жәмиева:
Тек сен өтірік айтпа, ұрлық істеме, біреудің нәрсесіне қызықпа - сол сенен өтінетінім менің. Бір жаман атқа қалсаң, жаман болып кетесің, жаным. Ертеңгі күні әжеңді қарғап жүрмесін ешкім.
Бүкіл әлемде бір-бірінен басқа жақыны жоқ қария мен бозбаланың жүдеу тіршілігі жайлы ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасында баяндалады. Өткізіп алмаңыздар.