Жаңа жыл қарсаңында Астана қаласының көркін аша түскен әсем әрі алып сағат Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Себебі ол қазір АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Гудзон өзенінде орнатылған сағаттан 1,5 метрге үлкендеу. Есіл өзенінің ортасында бой көтерген сағат айналасындағы аумақ та - халық демалысы үшін тамаша орын. Ал мұндағы алып сағат нақты механизммен жабдықталған.