«Астана-әуежай» жеңіл рельсті теміржол көлігінің желісін салу жұмыстары биыл басталады. Аталған жоба Қытайдан Қазақстанға өндіріс орнын ауыстыру аясында іске аспақ. Бұл туралы Аспан асты елінің Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхой мәлімдеді. Оның айтуынша, екі өндірістік нысан іске қосылған, алдағы уақытта тағы бірнешеуі пайдалануға берілмек. Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйек айында G 20 саммиті алдында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында өндіріс орнын көшіру туралы келісім жасаcқан.
Чжан Ханьхой, ҚХР Қазақстандағы Елшісі:
Мысалы, СҚО өндіріс орны бар. Қазір олар өсімдік майын шығаруымен айналысып жатыр. Басқа да жобалар бар. Жақын арада мұнай химиялық зауыт және басқа да объектілер пайдалануға беріледі. Осы жылы «Астана-әуежай» жеңіл рельсті теміржол көлігінің желісін салу жұмыстарын бастаймыз. Бұл қаланың дамуы үшін пайдалы болмақ. Қытайлық бизнесмендер жерді басып алуды көздемейді. Олар мұнда жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқарады. Жаңа кәсіпорындарды салуға жер бөлу мәселесін қазақстандық тарап шешетін болады. Ал біз технология, капитал және бірлескен жұмыс ұсынып отырмыз.
Айбек ҚОСАН