Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат Төрағасы «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қойды

  • 01 наурыз 2024
  • 772

Сенат Төрағасы Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қойды. Әлемде тұрақсыздық белең алған кезеңде сын-қатерге бірлесіп қарсы тұру, бейбітшілік пен келісімге табан тіреу - аса маңызды. Осылай деген Мәулен Әшімбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, бұл күн - достық пен адамгершілікті дәріптейтінін айтты.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алғыс айту күнінің үлкен мән-маңызы бар екенін білесіздер. 20-ғасырда репресияның кезінде осында біраз халық жер аударып жіберілген кезде, соғыс кезінде біздің халқымыз енді бір жағынан жомарттығын, ашықтығын, мейірімділігін көрсеткені белгілі.