Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады

  • 28 наурыз 2024
  • 678

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында енді 30 күнге дейін уақытша тіркеусіз жүре алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік 5 күнге ғана берілетін. Құжатты бүгін сенат қарады. Мәулен Әшімбаев осы арқылы көрші елмен қарым-қатынас нығая түсетініне сенім білдірді. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін қаралған хаттама екі ел азаматтарына өзара сапарларын жүзеге асыруда қосымша оңтайлы құқықтық жағдайлар орнатуды көздейді. Жалпы мақұлданған заң тату көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, өз үлесін қосады деп сенеміз.