Қазақстанның коммунистік халық партиясының Республикалық сайлауалды штабы Атырауға барып, бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстел жиынын өткізді. Шараға аудандық комитеттің жетекшілері мен ардагерлер, партияның облыстық өкілдігінің белсенділері де қатысты. Партия атынан депутаттыққа үміткер Владислав Косарев қазіргі замандағы коммунистік идеологияның маңыздылығын сөз етті. Сондай-ақ партияның сайлауалды платформасындағы негізгі мақсаттарды атап көрсетті. Жиынға қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасы өзекті әрі маңызды екенін айтты. Жиын соңында партия белсенділері Карл Маркс пен Лениннің еңбектерін қайталап оқуға шақырды. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы аймақтарға тиісінше жеткізілуі керек деп тарқасты.
Владислав Косарев, ҚКХП ОК сасяси бюросының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер:
Партия алдында үлкен мақсат тұр. Бұл - біздің сайлауалды бағдарламамызды әрбір ауылдағы тұрғындарға жеткізу. Сол себепті біз бастауыш ұйымдардағы партияластарымызды жинап, бағдарламамыздың негізгі тұстарын талқыға салдық. Үгіт-насихат шаралары соңына жеткенше барлық бағытта жұмыла жұмыс жасауымыз керек.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА