Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік инспекциялық топ Қазақстандағы әскери нысандарды тексерді

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2016
  • 1637

Бүгін АҚШ пен Канададан келген инспекциялық топ Қазақстандағы әскери нысандарды тексерді. Ол Астана қаласында бастау алды.  Ол «Сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту шаралары жөніндегі 2011-жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес өтеді. Канадалық әскерилер әуедегі әскери мүмкіндіктерді бағалайды.Ол үшін тікұшақтар тартылды. Шетелдіктер жеке құрамның, жыл сайынғы әскери ақпарат алмасу шеңберінде Қазақстан ұсынатын қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерінің саны туралы деректерді бағалайды. Ол үшін Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасы мен Ақмола, Қарағанды облыстарындағы гарнизондар тексерістен өтеді. 

Ерлан Макимов, ҚР Қорғаныс министрлігі орталық бастығының орынбасары: 

Инспекциялық топқа әскери бөлімдердің күнделікті қызметімен танысу мүмкіндігі берілді. Брифинг өткізу арқылы жай-жапсарды біледі. Әскери казарма аумағын тұрғын жайларды тексеріп, ұрыс жаттығуларының қалай өтетініне көз жеткізеді. 

   

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ