Биыл ел бойынша 361 шақырым көлік жолы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша биыл «Астана-Теміртау», «Астана-Павлодар-Семей», «Орал-Каменка», «Ақтөбе-Атырау», «Қапшағай-Талдықорған» жолдары тапсырылады. Өткен жылы құрылыс маусымының соңында конкурс өткізіліп, Қарағанды мен Теміртау аралығында цементті-бетонды жол жабындысы мен жол айырықтарын салу бойынша үш мердігер анықталған.
Темірхан Меңдіғалиев, «Қазавтожол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Ол учаскеге жол құрылысында айтарлықтай тәжірибелі ұйымдар кірді. Олар жыл ішінде көзделген барлық жұмыстарды орындауға қауқарлы деп санаймыз. Сонымен қатар 2017 жылы 1 346 шақырымды құрайтын жаңа 27 учаске бойынша жұмыстарды бастау жоспарланып отыр.