Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ президенті Ресейге қатысты санкция мерзімін ұзартты

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2016
  • 1563

 Бүгін АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қатысты санкция мерзімін ұзартты. Бұл туралы Риа новости агенттігі хабарлады. Ақ үй басшысы 2014 жылы наурызда енгізілген шектеулерді өз күшінде қалдыру туралы жарлыққа қол қойған. Онда "Ресей әрекеті АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігіне ерекше және төтенше қауіп төндіріп келеді" делінген. Ал санкция 2014 жылдың наурызында Украинадағы жағдайға байланысты енгізілген болатын.