Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды

  • 20 мамыр 2024
  • 742

Алматыда 12 мамырда жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт өлі күйінде табылды. Ол сағат 11:30-да үйінен шығып кеткен, содан оралмаған. Еріктілердің дерегінше, жас жігіттің мәйіті 18 мамырда табылған. Алайда өліміне не себеп болды, қайдан табылды, оған қатысты ақпарат жоқ.

 Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған ер адамның мәйіті табылған дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.Тергеу жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.