Ақордада әйелдер қауымымен «Көктем шуағы» атты кездесу өтті

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2016

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін әйелдер қауымын төл мерекемен құттықтады. Ақордаға түрлі салада жетістікке жеткен 25 нәзікжанды арнайы шақырту алған. Президентпен бір сағатқа созылған емен жарқын әңгіме кезінде нәзікжандылар бір күліп, бір жылап алды.

Дәрігер, ұстаз, бизнесвумен, саясаткер, әртіс, спотшы, әскери. Қысқасы нардың жүгін арқалаған нәзікжандылар. Президентпен кездесуге бар сән салтанатымен дайындалған. Қанша қайсар болса да, көңілде қобалжу бар. Президент бүгінде әйелдер қауымы отбасының ғана емес, елдің тірегіне айналғанын айтты.  Десе де, ана болу - басты міндет екенін қаперге салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

За 25 лет на свет появилось 7 миллионов маленьких казахстанцев.  В нашей стране каждый час рождается 45 детей, или 400 тыс в год. Это все благодаря благополучию и уверенности в завтрашнем дне. Новое поколение - будущее Казахстана.

Бүінгі кездесу кейбір ханымдардың қызметте өсуіне жол ашты. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұймына енуіне атсалысқан Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова енді Швейцаряға елші болып аттанатын сияқты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мне говорили, что когда Жанара приезжает с бригадой переговорной, вся Женева наполняется казашками. Поскольку ты уже в Женеве привыкла и штаб-квартира ВТО находится там, я решил тебя назначить послом Казахстана в Швейцарии.

Әлбетте, бүгін саясат пен экономикадан гөрі, ананың қадір-қасиетіне тоқталатын күн. Президент «Ана жүрегі» атты аңызды майын тамазып әңгімелеп бергенде, көпшіліктің жанарына жас үйірілді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

И вдруг он споткнулсля упал и говорит ты не повредил колено сынок сердце сказал и перестал биться. Тогда он понял схватил сердце прибежал к матери.

Ал, әйгілі Отырар сазы оркестрінің дирижері Динара Тілендиева, Ақордаға әкесінің аманатын арқалай келіпті. 

Динара Тілендиева, «Отырар сазы» оркестрінің бас дирижері

Президентке Магарет Тетчердің мақтауын жеткізгендер де табылды.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

Маргарет Тэтчер - Nazarbayev is a most hansome man, how my never ever met, Менің өмірімде кездеске ер азаматтардың ішінде ең ерекше азамат, деген сөзі тек қана біздің Қазақстанға емес, әлемдегі әйел қауымының сізге берген бағасы...

Сөйтіп, Ақ ордада танымал әртістер, әншілер, көп балалы аналар, спортшылар мен әскерилер және Қазақстандағы жалғыз токарь қыз сый-сияпатқа кенелді. Жиын соңында аруларымыз өзара шүйіркелесіп, телефон алмасып, алқаларын тағып көріп көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ