«Самұрық-Қазына» жыл соңына дейін 23 ірі компанияны сатуды жоспарлап отыр. Мұндай хабарлама әл-ауқат қорының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Алғашқы жартыжылдықта 12 актив сатуға шығарылмақ.
Олардың қатарында «Транстелеком», «Тегіс Мұнай», «Еуро-Азия Эйр», «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты», «Тұлпар-Тальго» сынды ірі жобалар бар.
Қазір бірқатарына шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Өзге активтер алдын ала дайындау сараптамасы нәтижесінен соң сатылады. «Самұрық-Қазына» қоры жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 215 активті саудаға шығаруды жоспарлаған.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ