Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда трамвай вагонында өрт шықты

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2024
  • 909

Павлодарда трамвай вагонында өрт шықты. Адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар трамвай басқармасының мәліметінше, №11 бағытта қатынайтын трамвайдың тежегіш қалыбы өртке оранды.

"Трамвай жүргізушісі қозғалысты тоқтатып, адамдарды сыртқа шығарды. Ол нұсқаулыққа сүйеніп, өртті сөндірді", - деп хабарлады басқарма.

Вагон ауыстырылуға жіберілді.