Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында із-түссіз жоғалған жігіт отбасымен қауышты

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2024
  • 1362

Полицейлер із-түссіз жоғалған жігітті тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

9 сәуірде 20 жастағы жігіттің жақындары Ескелді ауданының полициясына ұлының жоғалып кеткені жайлы арызданды.

«18 маусымда жоғалған жас жігіттің орналасқан жері анықталды, ол Алматы қаласында болған. Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған жігіт аман-сау ата-анасына тапсырылды», – деп атап өтті Ескелді АПБ бастығының орынбасары Исатай Қаинбаев.