Қазақстан базалық мөлшерлемені 12 пайыздан 11 пайызға төмендетті. Ұлттық банк осындай шешім қабылдаған. Бұдан былай базалық мөлшерлеме 11 пайыз және +/-1 пайыз дәліз аралығында болады. Жыл басында бас банк базалық мөлшерлемені 12,5 пайыздан 12 пайызға азайтқан еді.