Жыл соңына дейін доллар 308 теңгеге дейін арзандауы мүмкін. Бұған мұнай бағасының өсуі себеп. Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры Меруерт Махмұтова осылай деп мәлімдеді. Экономистің айтуынша, Қашаған кен орнының қайта ашылуы мен ОПЕК елдерінің мұнай өндіруді шеттейміз дегені бізге тиімді. «Ішкі өнімдегі азық-түлік бағалары түседі, ал импортталатын тауарлардың бағасы жақын арада өзгермейді. Ал жеміс-жидектердің бағасы көктемге, жазға қарай арзандауы мүмкін», - дейді Меруерт Махмұтова. Оның сөзінше, «Блумберг» жылдың соңына дейін доллар 310 теңге шамасында болады деген болжам жасаған.
Айта кетейік, бүгін KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 314 теңгеге түсті. Осыдан екі-үш күн бұрын доллар 318-319 теңгеден саудаланған еді.
Меруерт Махмұтова, Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры, экономист:
Мұнайдың бағасы барреліне 57-60 доллар болып жатса, теңге біраз күшейетіндей мүмкіншілік бар. 310-308-ге дейін барып қалатын шығар. АҚШ экономикасына да байланысты доллардың құны.
Саламат ОМАШ