Русский Сайттың толық нұсқасы

Биылғы инфляция 6-8 пайыз дәлізінде болмақ - Ұлттық банк

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2017
  • 2108

Биыл елдегі жылдық инфляция 6-8 пайыз аралығында болады. Ұлттық банк осындай болжам жасады. Мамандардың есебінше, бұл жылы экономиканың даму қарқыны 2,2 пайызға артпақ. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 9 айда 4,7 пайызға жетеді деген болжам бар. Ол кезде жалақы өсіп, ішкі тұтыну артпақ. Экономиканы қолдаудың және әртараптандырудың мемлекеттік бағдарламалары іске асып, инвестиция көлемі өседі. Оған минералдық ресурстарды өндіру мен көлемінің арттыруы, соның ішінде Қашағанның әсері де ықпал етпек.

Ұлттық банк келер жылғы инфляция 5-7 пайыз аралығында болуы мүмкін деп болжайды. Бұл көрсеткіштер нарықта мұнай бағасының тұрақтануымен, халықаралық қаржы институттарының оптимистік болжамдарына сүйене отырып жасалған. Сондықтан Ұлттық банк "қара алтын" құны 50 доллар шамасында болады деген болжаммен есептеген.