Русский Сайттың толық нұсқасы

Атакент ауылын су басты. Ирригация жүйесі әбден тозған.

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2017
  • 3307

Осы аптада Оңтүстік Қазақстан облысында тоқтаусыз жауған нөсер біраз жұртты әбірге салды. Әсіресе, Мақтарал ауданына қарасты Атакент елді-мекені қызыл судың астында қалды. 56 үйдің ауласы әп-сәтте көлкіді. Қыштан тұрғызылған қоршаулар мен қора-қопсы  опырылып, 11 үйдің ішіне су кірді. Тұрғындар –су сарылдап жинала бастағанда-ақ көмек сұрадық,бірақ қайран болмады,-  деп отыр.

Маягүл Беркінбаева,Оңтүстік Қазақстан облысы, Атакент ауылының тұрғыны:

Бұл су сенбі күні көтерілген. Сенбі күні  әкімдікке звондады балам, сол кезде келгенде осындай дәрежеде болмас еді. «Сенбі күні барлық жұмыс бітті, жұмыс уақыты бітті,барлығы жұмыстан кетіп қалды.Біз дүйсенбі  күні көреміз шараларыңызды»,- деп айтты.Ал забор мынау, құлап жатыр. Үй мынау, құлау дәрежесінде.  

Судың көтерілуі тоқтамай жауған жаңбырдан ғана емес. Себебі мақталық алқаптарда сор шаю жұмыстары жүргізілген; 2. Ирригациялық жүйелер әбден тозған.

Әдеттегідей, арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Халық ыза судың көтерілуі бір биыл емес,- деп отыр. Олар тіпті мақталық алқаптардың тұрғын үйлерге тым жақын болғанына қарсы.

Клара Сейдахметова, Оңтүстік Қазақстан облысы, Атакент ауылының тұрғыны:

Негізі  үй тұрғынға берілу керек ол жер.Мақта болғасын ол міндетті түрде суарылады. Суарылғаннан кейін су мөлшерінің бәрі бізге келеді де, міне, жылда осындай болады. Жарты метрге дейін су көтеріліп,өмір сүре алмаймыз ешқандай.

Ирригациялық жүйенің тозығы жеткенін шенділер жоққа шығара алмайды.

Жақып Бөкенбаев, ОҚО әкімінің орынбасары:

700 тік дренаж, сол 700-дің 350 дей жұмыс істейді. Қалғандарының бәрі жөндеу керек.

Осы жылы 650 млн теңгедей бөлініп жатыр. Көктемнен бастайды.