«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауы арқасында жамбылдық кәсіпкер 6 млн теңге несиеге қол жеткізді. Байзақ ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Кеулімжай Шартықбаев бұл ақшаға қора-жай соғып, мал сатып алған. Бұған дейін 3 жыл кезек күткен ол партияның аудандық филиалына жағдайын айтқан соң мәселесі шешімін тапты. Қазір 75 жастағы қария төрт түлікті баптап отыр.
Былтыр Жамбыл облысы бойынша 3 мыңдай адам партияның қоғамдық қабылдауына барса, 29 пайызының мәселесі оң шешілді. Ал, биылғы қаңтарда бұл көрсеткіш 39 пайызды құрады.
Шұғыла Молдақұлова 3 жастағы сырқат сәбиіне жарты миллион теңге тұратын бесікарба табуға қиналған. Қараша айында партияның қоғамдық қабылдауына келген көп балалы анаға жергілікті кәсіпкер көмек көрсетті.
Шұғыла Молдақұлова, Тараз қаласының тұрғыны:
«Нұр Отанға» келіп, жағдайымды айттым: «Осындай көмек беретін адамдар бар ма? Жағдайым келмейді, мына бесікарбаны алғанға»,- деп. Ресейге тапсырыс беріп, 1 айдың ішінде алдыртып берді.
Бақыт Төлемісова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы және аумақтық филиалдарға былтырғы жылы 3 мыңнан астам азаматтар келіп, оның 29 пайызы өтініштерінің оң шешімін тапқан. Енді биыл қарасақ, осы қаңтар айында 350 азамат келіп, оның 39 пайызы оң шешімін тауыпты.