Коммунистер конституциялық реформаны қолдайды. Президент ұсынған мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформаларды талқылау нәтижесінде саяси ұйым белсенділері осыны мәлімдеді. Еліміздің 7 аймағын аралаған компартия мүшелері бұл реформа алдағы уақытта жүйеге өзгеріс енгізіп Үкімет пен Парламенттің рөлін арттырады деген сенімде. Сарапшылар мен саясаттанушылардың басын қосқан партия пікірталас шаралары мен дөңгелек үстелдер өткізіп, 9 мыңнан астам адамға әлеуметтік сауалнама жүргізген.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП фракциясының мүшесі:
Біздің қоғамды әрі қарай жаңғыртуда, елді демократияландырудың әрі қарай іс-қимылдарын асыруда, Президенттің көрсеткен конституциялық реформалары кең көлемде рөл атқарады. Осы талқылау барысында түгел коммунисттердің барлығы осы реформаны қолдайтындарын білдірді.