Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағандыда мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер, тәрбиешілер мен жалғыз басты аналар жаңа пәтерге ие болды. "2020 жылға дейін аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында тұрғызылған бұл баспана - биыл пайдалануға берілген алғашқы насан. Заманауи пәтерлерге ие болған 19 отбасы мерекедегі қуаныштарын жақсылыққа балады. Олар жаңа қоныстарына шашу шашып, Наурыз тойлауды бастап кетті.
Думан Жалбақов:
Мен мемлекетттік қызметкер ретінде 2010 жылы кезекке тұрған болатынмын. Бүгін, Аллаға шүкір, пәтер кілтін табыстап жатыр. Отбасымызбен бірге көңіліміз толып жатыр. Сапалы салынған. Шексіз алғысымды айтамын. Наурыз мейрамында құт-береке, шаттық, бақыт, молшылық болсын!
Айжан ҚУАШ