Президент Нұрсұлтан Назарбаев барша халыққа алғыс айтты. Елордада өткен Қазақстан халқы ассамблеясының форумында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының Алғыс айту күніне орай құттықтау сөзін оқып берді. «Алғыс айту күні - жақында пайда болған ерекше күн. Ол мейірімділік, бір-біріне көмек пен өзін-өзі құрбан ету сынды адамның асыл қасиеттері көрініс тапқан алмағайып заманды еске салады»,- делінген құттықтау хатта.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мен тәуелсіз елімізді бірлесе құрып жатқан Қазақстан халқына ынтымағы мен ерік-жігері үшін алғыс айтамын. Қайырымдылық пен өзара көмек көрсету дәстүрінің одан әрі нығая түсетініне сенімдімін. Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Барлықтарыңызға бақыт, отбасыларыңызға игілік, достық пен өсіп-өркендеу тілеймін!