Ресей президенті Қазақстан Президентімен Алматыда кездескен. Ресми жүздесу дүйсенбіде өтті. Ал жексенбіде олар «Шымбұлақта» шаңғы тепкен. Н.Назарбаев «Жыл басында кездесу дәстүрге айналған – ағымдағы шаруаны бірлеп, жоспарларды пысықтаймыз. 25 жылда біз үлгі қылатын қатынас құрдық. Көрші, дос мемлекеттер арасында болуы тиіс қатынастарды»,- деген.
В.Путин Сирияға байланысты келіссөздерге алаң ұсынғаны үшін рақмет айтқан.
Владимир Путин, РФ Президенті:
Знаю, что вы лично принимали в этом участие, работали с участниками делегаций, и благодаря вашему участию эти переговоры завершились. Причем завершились с таким результатом, которого до сих пор никогда не было, а именно – создан механизм контроля за прекращением огня, а это, собственно говоря, самое главное, это самый главный фундамент, который дал возможность продолжить женевские переговоры.
Ресей президенті мұнан соң Тәжікстан мен Қырғыз Республикасына сапарлады. Біз тоқталатын деталь –Қырғыз президентінің сөзі. Дәлірек айтсақ, сөздері...
Ақпараттық порталдар А.Атамбаевтың«Мен екі ел бұдан ары да стратегиялық одақтас және әріптес болып қала беретініне сенімдімін. Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуымен біздің қарым-қатынасымыз енді бұдан да жоғары деңгейге өтті. Ресей президенті Владимир Путинге біздің елдегі осындай өтпелі қиын кезеңде қолдау мен көмек көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді»,-дегенін цитата етіп берді. Цитатаның зоры -
«Біз барлық өсекке ерегіскенде өте дұрыс істедік. Мен ЕАЭО-ға кіру - ең дұрыс жол болды деп ойлаймын. Жыл соңына дейін ағайын бауырлас Ресейдің көмегімен біз ЕАЭО-ға толық кіруге қатысты қалған мәселелерді шешетінімізге сенемін. Кейбір ұсақ кедергілер мен бөгеттер жойылады. Біздің бүгінгі кездесуіміз бейнелеп айтқанда, ынтымақтастықты дамытудағы ары қарайғы қадамдарымызды анықтайды».
Ал өткен аптаның соңында Еуропаға жасаған іс-сапары барысында Euronews арнасына берген сұхбатында Қазақстан туралы былай деген-ді: «Егер біз Еуразиялық экономикалық одаққа кірмесек, бізге блокада қаупі төнер еді. 2010 жылы Қазақстан бізге 1,5 айға шектеу жасады, тіпті бізде адам құрбандары да болды». Бұл мәлімдемеге орай еліміздің Сыртқы істер министрлігі түсініктеме сұраған. Қырғыз жағы ақыры «бұл сөзге жабысып қалмайық» деген сипаттағы әңгіме айтты. А.Атамбаевтың «қысым» туралы әңгімесі бұл бір емес. Және бізге ғана қатысты емес. Былтыр желтоқсанда өткізген баспасөз мәслихатында ол «Егер Еуразия экономикалық одағына енбегенімізде тұтас блокада болар еді. Қазір біздің достарымыз саналатын елдер тарапынан жасырын блокада бар. Мен оны Астанадағы кездесудепрезиденттерге айтуға мәжбүр болдым... Тең болуды ұсындым. Тіпті, жануарлар тең дәрежеде болатын, бірақ кейбіреулері «теңірек» Джордж Оруэллдің романын еске алдым...Егер ЕЭО –да «ағалар» болса, бірден анықтайық. Одақ құрғымыз келсе, бәріміз тең болуымыз керек»,- дегенін біз бергенбіз.
«Коммерсант» басылымы Путин барғанда Қырғыз президентінің елп-елп еткен көңілін сипаттайтын материал берді. Әріптесін қолтықтап... Ал мына суреттерді жеке фотографы түсірген – жылқы сыйлаған ба, белгісіз...