Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сияқты пəндер алынып тасталған,- деп хабарлайды, Абай.кз порталы.
Білім және ғылым министрлігінің «Жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы» деген құжатында «Бакалавриат мамандықтары» деген 7.1. бөлімінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығы атымен жоқ. Оның орнына «Мұғалімдерді тілдер мен әдебиет бойынша даярлау» деп жазылған. Академиктер Әбдуәлі Қайдар, Шора Сарыбаев, Рәбиға Сыздықова, Серік Қирабаев, Өмірзақ Айтбай және ҰҒА мүше-корреспонденті Мәмбет Қойгелді Ақордаға хат жазыпты. -Ғылымның бұл салалары – халқымыздың рухани құндылықтары. Рухани құндылықтар ұлттық қауіпсіздіктің объектілері. Жойса, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін, - деген.
«Абай.кз» порталында филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақованың пікірі жарияланды:
Айгүл Ісмақова, Филология ғылымдарының докторы, профессор:
Бір айта кетерлік мәселе, мамандықтар тізбегінде «Аударма ісі, ілеспе аударма» деген бар... Білім және ғылым министрлігі ендігі кезекте тек аудармашылық мамандықты ғана даярлайтын болып отыр. Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдебиеттану, түркітану, шығыстану тәрізді ғылым салалары қайда қалды?
...Мемлекеттік тіл мен ұлт әдебиеті, еліміздің тариxымен бірге тәуелсіздігіміздің, ұлт қауіпсіздігінің негізгі тірегі емес пе? Егер осылай кететін болса, ендігі ұрпақ күні ертең қазақ әдебиеті түгілі қазақ тіліне де зар болғалы тұр.