Баспанасын жалға беретіндер қосымша табыс табатынын барынша жасырады. Тиісінше, салық та төлемейді. Мысалы, Астанада 289 мыңдай пәтер бар, ал жариялы жалға берілетін пәтерлер оның 4 пайызын ғана құрайды. Шын мәнінде, кем дегенде 10 пайызы жалға беріледі,- дейді прокурорлар. Пәтерін жалға берушілер баласы бар жалдаушыны да жолатпауға тырысады.
Әділхан Абайұлы, Шымкент тұрғыны:
Обойларының жыртылмағанын қалайды, сызылмағанын қалайды. Менің түсінбейтінім сонда - бұлардың кеуделерінде қандай жүрек соғып тұр деймін да. Яғни өзінің бала-шағасы жоқ па? Жоқ әлде қу тізесін құшақтап отырған біреу ме?!
Салық төлеуді ғана емес, баласы бар пәтер жалдаушыны да жақтырмайтындар туралы ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар!