Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылық кооперативтерінің 30% тек қағаз жүзінде - Қайрат Айтуғанов

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2017
  • 2687

Елімізде 15 мыңдай жеке және қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооперативтің 30 пайызы тек қағаз жүзінде. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінде өткен алқа отырысында мәлім болды. Вице-министрдің айтуынша, өткен жылдан бастап қолға алынған бағдарламаны іске асыру барысында жергілікті басқару органдары осындай қадамға барған. Ауылдағы шаруаларды жұмыспен қамтып, экономикалық ақуалды көтеру бағдарламасы бойынша жүзден аса сүт қабылдайтын пункттер мен жеті мың мал бордақылайтын орталық ашу көзделген еді.

Қайрат Айтуғанов, ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі:

Осы жылы 53 миллиард бөлінді. Қазір көп акиматтар көбі қалай істейміз деп көзін ашып жатыр. Басшыларды үйрету керек. Сол басшылар елге үйрету керек.

Жиында 11 тиімсіз субсидия қолданыстан алынғаны белгілі болды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына бөлінетін 39 субсидия түрінің нормативтеріне өзгеріс енгізілген.  Ал 2021 жылға дейін экспортталатын азық-түлік өнімдерін 40 пайызға көтеру жоспарда бар. 

Елдос САПАРҒАЛИ