Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандағы әлеуметтік мекемеде туберкулез жұқтырған тағы екі адам анықталды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2017
  • 2564

Түркістандағы арнаулы әлеуметтік орталықта туберкулез жұқтырғандар саны тағы екеуге артып, 67 адамға жетіп отыр. Бұл мәліметті біздің арна тілшілеріне облыстық прокуратура өкілдері жазбаша хабарлады. Құзырлы органның дерегінше, аймақтағы психо-неврологиялық мекемеде тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, оңтүстіктегі Түркістан қаласындағы әлеуметтік мекемеде 65 адамның туберкулез жұқтырғаны анықталған. Бұдан бөлек Төлеби ауданындағы тағы бір мекемеде 7 емделушінің өкпесінен кох таяқшасы табылғанын хабарлаған едік. Қазір аймақтағы жабық мекемелерде екінші қайтара тексеру шаралары жүріп жатыр. Білім саласына қарайтын жабық мекемелерде де тексеру басталады.