Әйгілі Скрудж МакДак бастаған «Үйректер оқиғасы» үлкен экранға қайта оралмақ. Теледидар алдына миллиондаған көрермен жинаған танымал мультфильмнің жаңартылған серияларын Disney арнасы қайта шығаратын болды.
Шытырман оқиғаларға толы үйректердің өмірі 90-шы жылдары көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Тіпті «Emmy» жүлдесін де алған. Әзірге жаңа туындының желісі құпия сақталып отыр. «Үйректер оқиғасы» мультфильмінің тұсаукесері биылға жоспарланған.