Оралда пәтеріндегі жылу жүйесін заңсыз өзгерткендер көбейіп барады. Пысықайлар балконын бөлмеге қосып кеңейтіп, еденіне жылу құбырын жүргізуді әдетке айналдырған. Қаладағы әрбір көпқабатты үйде кемінде 3-4 пәтердің жылу жүйесі осылай өзгертілген. Жылу таратушылар осының кесірінен үйге берілетін жылу азайып, көрші пәтерлер зардап шегеді,-дейді. Әрі бұл - заңға қайшы. Мұндай пәтерлер тұрғындардың арызы бойынша тексеріледі екен. Осындай шаралар кезінде "Жайықжылуқуат" мекемесінің қызметкерлері 60 пәтер мен 4 дүкеннің және бір дәріхананың жылу жүйесі өзгертілгенін анықтады.
Бекболат Қамешов, "Жайықжылуқуат" АҚ жылу инспекциясының басшысы:
Біздер оларға ескерту береміз. Үш күннің ішінде олар орнына келтіруі керек бәрін. Олар штрафтан қорқып, бәрін орнына келтіреді. Штраф бізде жеке адамдарға 106 мың, ал заңды тұлғаларға 150-200 АЕК дейін. Көбі сол штрафтан қорқады.