Мәжіліске өтетін депутаттар тізімін ақжолдықтар мен коммунистер де жариялады. Екі партияға да төменгі палатадан жеті орыннан тиіп отыр. Сонымен, «Ақ жол» партиясынан: Кеңес Әбсатиров, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Дания Еспаева, Меруерт Қазбекова, Екатерина Никитинская және партия төрағасы Азат Перуашев өтті.
Ал коммунистер қатарынан: Жамбыл Ахметбеков, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров, партия төрағасы Владислав Косарев, Тұрғын Сыздықов, Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Магеррам Магеррамов және Алматыдағы мектеп-лицей директоры Ирина Смирнова депутаттық мандатқа ие болады.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ