Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2016
  • 1969

Атышулы ЭКСПО ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросы Талғат Ермегияевтің сенімді өкілдерінің бірі - Саят Нәдірбаевты Алматыда тұтқындаған. Оған бюджет қаржысын жымқыруға қатысы бар деген айып тағылып, іздеу жарияланған еді. Ақпарға қарағанда, азамат қазір Алматыда уақытша қамау абақтысында.

Еске салсақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының жетекшілеріне қатысты былық былтыр ашылды. Басшысымен қоса, 20-дан аса адам тұтқындалған. Ал таяуда алғашқы сот та өтті. Ермегияевтің өзіне 4 млрд 200 млн теңгені жымқырды деген айып тағылды. Бұған дейін Нәдірбаевтың Талғат Ермегияевтің көлік жүргізушісі болғандығы туралы айтылып келгені бар.

Құралай ПИОНЕР