Халықаралық театр күні қарсаңында саланың үздіктері «Сахнагер-2017» ұлттық театр жүлдесімен марапатталды. Он бес номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді.
Драматургия саласында айрықша дарынымен көзге түскен өнерпаздардың еңбегі еленген күн болды. "Біз үшін ең үлкен сый - көрерменнің қошеметі", - дейді олар. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жүлденің басты мақсаты - театр дәстүрін сақтап, жандандыру. Бұл жолы сахна төріндегілер ғана емес, сахна сыртында талмай еңбек ететіндер де марапаттан тыс қалмады.
Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ