Қазақстандық шекарашылар аяғынан тік тұрды. Бүгіннен бастап еліміздің Шығыс, Оңтүстік және Батыс шекарасында әскери оқу-жаттығу жұмыстары басталды. Онда сарбаздардың дайындығы жан жақты тексеріледі. Мемлекетік шекараны қорғау мақсатында әскери техниканың түр-түрі пайдаланылады. Тіпті атыс қарулары мен жарылғыш заттар да іске қосылмақ. Штаб басында ел аумағына қарулы топ басып кірген жағдайда шекара қызметі қалай әрекет етуі керек деген тақырыпта оқу-жаттығу өтеді. Сондай ақ, шекараны бұзғандарды қолға түсіру операциясы да жүзеге аспақ. Шекарашылардың дайындығын тексеру 10 күнге жалғасады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ