Оңтүстік аймақтардан солтүстік пен шығыс өңірлерге көшкен адамдар саны жыл санап артып келеді.Солардың бірі Сарыбай отбасы қаңтар айында Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданынан Солтүстік Қазақстанның Жамбыл ауданына көшіп барды.Екі перзенті балабақшаға барады. Отағасы Қантемір білім бөліміне өзінің мамандығы бойынша есепші болып орналасты, ал жұбайы Маржан аудан әкімінің баспасөз қызметіне жұмысқа тұрды. Қазір олар жалдамалы пәтерде тұрады, болашақта баспанамен қамтылуы мүмкін.
Маржан Уәлиева, СҚО тұрғыны:
Жалпы адамдары өте жақсы. біз ойлағанбыз біраз жатырқап, біраз үйрене алмай жүретін шығармыз деп, жоқ балалар да балабақшаға сіңісіп, жақсы болып кетті. Осылай жұмыс тауып, балаларымыз балабақшада, үйіміз жайлы, орталықта, жұмысқа бәріне жақын.
Халық тығыз қоныстанған, жұмыс орындары тапшы аймақтардың адамдарын жұмыс күшіне сұраныс бар солтүстік пен шығыс өңірлерге көшіру бағдарламасы қалай жүріп жатыр? Ертең, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан осы туралы арнайы материалды көріңіздер.